$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Құқығы бұзылған бала БҰҰ арыз жаза алады

03.06.2024ж. 20:00
384
Құқығы бұзылған бала БҰҰ арыз жаза алады

Енді кез келген бала құқығы бұзылса БҰҰ арыз жаза алады. Ұрып, күш көрсетпек түгілі, сөзбен қысым көрсетсетуге болмайды. Бұрынғыдай мәселені тараптардың келісімімен шешу деген жоқ. Бірден заң алдында жауап бересіз. Жазаның өзі жеңіл емес. Өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Елімізде бала құқығы қалай қорғалып жатыр? Аружан Задабектің материалы.

Еліміздегі балалардың саны 7 млн-ға жуықтады. Бұл- 20 млн халықтың үштен бірі. Қазір мемлекеттің мызғымас тіректерін қорғау үшін елдің 20 облысында балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл тағайындалған. Олардың міндеті - баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Дегенмен, бірінші жауапкершілік – ата-анада. Осыны ескеріп, біз тұрғындарға «сіздің бала алдындағы міндетіңіз қандай» деген сауал қойдық.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Тәртіп беру, білім беру. Мектепке уақылы барып, келу. Сабағын қадағалау. Дұрыс тамақтандыру.
- Баланы қазіргі заманға сай бар білімді беру.
- Жолға шықпа дейміз. Қауіпсіздік ережелерін үйретеміз. Бөтен біреулермен сөйлеспеңдер, біреу шақырса бармаңдар деп.

Бала құқығы дегенде, алдымен, оның қауіпсіздігін ойлайтынымыз анық. Онымыз жөн де. Бірақ, балаға тиісті деңгейде білім беру – ең басты міндет екенін ұмытпаған абзал.

Қазір «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылуда. Алдағы оқу жылында 740 мың оқушы орнына арнап 369 мектеп ашу жоспарда бар. 1 қыркүйекке дейін 98 мектеп, 2024 жылдың соңына дейін – 110 білім ошағы іске кіріседі.

Нартай СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Балалардың демалысына да ерекше көңіл бөлінді. Биыл 1,2 мыңнан астам оқушы сауықтыру лагерлеріне барды. Тағы 3,8 мыңы жақын арада жолдама алады.

Демалыс басталғаннан кейін жұмыс істейтін балалар саны көбейетіні де белгілі. Бірақ олардың қай жерде, қалай жұмыс істеп жатқаны белгісіз. Қауіпсіз деп айту қиын. Үкімет осы мәселені шешу үшін биыл оқушылардың 92%-ын қауіпсіз жұмыспен қамтуды жоспарланып отыр.

Жолдас БАТЫРХАН, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жаз мезгілі балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды қажет етеді. Өкінішке орай, өткен жазда балалардың суға кетуі, жол-көлік оқиғаларынан зардап шегу, арықтар мен кәріз құдықтарына құлау секілді жазатайым оқиғалардың саны артты. Бұл оқиғалардың басты себептерінің бірі – балалардың қадағалаусыз қалуынан орын алды.

Ата-ана қамқорлығынан айырылған және инклюзивті білім алатын балалар да назардан тыс қалмайды.

Биыл жетімдер үйінде тәрбиеленген 21 387 бүлдіршіннің 17 660-ы жаңа отбасына оралды. Ал инклюзивті алатын оқушылар үшін 1051 кабинет ашылды.

Жанар ИСЛЯМОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалға балаларды орналастыру жөніндегі фукцияны тек ғана қорғаншылық және қамқоршылық органдары жүзеге асырады. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының негізгі қызметі – қамқорлықсыз қалған балаларды анықтау, оларды отбасына орналстыру, балалардың құқықтарын қорғау бойынша сот істеріне қатиысу, тұрмыстық жағдайына тексеріс жүргізу.

Мектепке дейінгі ұйымдардың да жұмысы жетіліп келеді. Олардың саны 11,5 мыңға жетті. Онда1 миллионға жуық бала тәрбиеленеді. Келер жылға дейін тағы 300 мың жаңа орын ашу жоспарланған. Биыл оның 77,3 мыңы жұмысын бастайды.

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың оқушылары үшін бірқатар жеңілдік бар. Емтихан мерзімдері кейінге шегеріліп, түлектерге алдыңғы ҰБТ-ның ең жақсы нәтижесімен жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік берілді.