$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Алматыда полиция қызметкерінің пара алып жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады

03.06.2024ж. 20:00
302
Алматыда полиция қызметкерінің пара алып жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады

Алматыда полиция қызметкерінің пара алып жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бұл бейнежазба бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғанын хабарлады. Қазір тергеу жүріп жатыр. 

Амантай ТҰРЛЫБЕК, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсетілген жарияланымға уақытылы ден қойып, шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбағаны үшін пара алу фактісі бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.