$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда су тасу қаупі бар аумақтар анықтала бастады

AstanaTV
15.02.2017ж. 20:00
2324
Алматыда су тасу қаупі бар аумақтар анықтала бастады

Алматыда су тасқынының алдын алу шаралары басталды. Биылғы наурыз-сәуір айларында өзендерге жақын орналасқан аумақтарда сел жүру қаупі жоғары, дейді мамандар.

Тасқынға дайындық комиссиясының қортындысына сай, 4300-дей адамнан тұратын төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамы мен 900-ден астам арнайы техниканың әзірлігі пысықталып жатыр. Ал тұрғындар арасында аумақты қардан тазартып, арналарды кеңейту бойынша түсіндіру шаралары жүруде. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жеке үйлер мен мекемелерді аралап, парақшалар мен жадынама үлестіруге кіріскен. Қардың еруі мен көктемгі жауын-шашыннан соң арнасынан асу қаупі бар Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Есентай және Қарғалы өзендерінің жағалауы беріктендіріліп жатыр.

Айдос Ахметқалиев, Бостандық ауданы ТЖБ аға маманы:

Әскери бөлімдермен бірлесе отырып, ауданымыздағы су басу қауіпі бар анықталған аймақтарды аралап, алдын алу іс-шараларын өткізіп жатыр. Ол кезде біз жарнамалар таратып, бірлесе отырып, биыл қар көп болғандықтан, қарды уақытымен тазалау, арықтарды уақытымен тазалау, жарнамаларымызда сондай нұсқамалар берілген.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ