$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанайда аумағын қардан тазартпаған мекемелер әкімшілік жазаға тартылып жатыр

AstanaTV
15.02.2017ж. 20:00
2006
Қостанайда аумағын қардан тазартпаған мекемелер әкімшілік жазаға тартылып жатыр

Қостанайда аумағын ақ ұлпадан тазартпаған мекемелер мен кәсіпорындарға  әкімшілік  айыппұл салынып жатыр. Шаһар билігі мен жергілікті полиция кезекті рейдтік шара өткізіп, ауласындағы қары күрелмеген бірқатар нысандарды анықтады.

Биыл қар қалың, көктемде су тасқыны болады деген болжам бар. Қауіптің алдын алу үшін ерте қамданып, қала ішіндегі қарды шығаруға тырысып жатырмыз, - дейді шенеінуктер. Осыған дейін  550 мыңнан астам  текше метр ақ ұлпа шаһар шетіне шығарылған. Арнайы құрылған топ қаладағы банк филиалдарын аралап, ғимарат маңайын қардан тазартуды талап етті. Қаржы ұйымының өкілдеріне ескерту жасалып, үш күн берілді. Осы уақыт аралығында айналасындағы ақ ұлпаны сыртқа шығармаған заңды тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Айта кетейік, мұндай ескертуді елемеген 24  қостанайлық кәсіпкер бір жарым миллион теңгеден астам айыппұл төлеген.

Заңғар САНАЙ