$447.14 €499.54 ₽5.46

Азиада-2026: Қазақстан 3х3 баскетболдан Шри-Ланканы жеңді

22.09.2026ж. 17:34
Азиада-2026: Қазақстан 3х3 баскетболдан Шри-Ланканы жеңді
фото:  Нұрғали Жұмағазы

Қазақстан әйелдер құрамасы 3х3 баскетболдан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды  AstanaTV. 

Қазақстандық баскетболшылар бұл жолы Шри-Ланкаға қарсы ойнады. Матч 21:8 есебімен жерлестеріміздің пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, бұған дейін отандастарымыз Қытайға 18:12 есебімен жол берген еді.