Акция өзге өңірлерде де өтті. Аманаттықтар қала тұрғындарымен бірге айналаны күл-қоқыстан тазартып, абаттандыру, көркейтіп-көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысуда.
Тазалық шарасына Алматы облысы Байсерке ауылынан 200-ден аса адам қатысты. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін барлығы осында."Туған жердің табиғатын таза ұстап, ұрпаққа мұра етіп қалдыру -біздің парызымыз"-дейді партиялықтар.
Қуат БАЙҒОЖАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Қазақстанымыздың өзінің орналасқан жері де, табиғаты да керемет.Соны болашақ ұрпаққа жақсы,осы қалпында қалдыру үшін, осы мәдениеттілігімізді қалыптастыруымыз керек. Өзіміздің мына киелі мекеніміздің таза болуына әрбір баладан қартқа дейін ат салысуға үлкен құлшыныспен кірісіп жатыр.
Шымкенттіктер де акцияға белсене атсалысты. 200-ге жуық адам мегаполистің оңтүстік бөлігіндегі А-2 жолының бойын қоқыстан тазартты. Бұл аумақ бекер таңдап алынған жоқ. Алдын ала дронмен осы төңіректің жиі ластанатынын байқағанбыз,- деді партияның қалалық филиал төрағасы. Ал ерікті жастар көше тазалықшыларының жұмысы оңай емес екенін көрді.
Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жолдың бойын тазалап жатқанымыз ары-бері өтіп жатқан машина көліктер , автобустағы азаматтардың да кішкене болсын ой келу керек мыналар тазалық жұмысымен айналысып жатыр, терезеден қағаз тастамайын деген ой туындау керек деген мақсат та бар. Сондықтан бүгінгі акцияның тәрбиелік мәні өте зор деп ойлаймыз.
Лаура БОРАШ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ БЕЛСЕНДІСІ:
Бұндай шараларға қатысып жүргенімізге біршама уақыттар болып жатыр. Және де қатарымызға қосылып жатқан ерікті жастар саны да көбеюде. Қаламызды таза ұстауға барша қала тұрғындарын шақырамыз. Өзіміздің таза Қазақстанды, таза Шымкентті таза ұстайық! Әрі қарай осы акцияны жалғастыратын боламыз.
Қоршаған орта мен туған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттырып, бүкіл елді жұмылдырған Таза Қазақстан науқаны әлі жалғасады.