Степногорск қаласында 80 жастағы әже құтқарылды.
Ол өзінің жабық пәтерінде құлап, өздігінен тұра алмаған. 1944 жылы туған әйелге Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері көмекке келді.
«Оқиға орнына келген құтқарушылар үш тізелі баспалдақтың көмегімен 3 қабаттағы пәтерге терезе арқылы кіріп, еденде жатқан әжейді тапты, кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», - деп хабарлады ТЖМ.