$472.03 €540.29 ₽6.11
×

Таразда жер сілкінді

04.07.2026ж. 06:42
Таразда жер сілкінді
Фото: pixabay

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 4 шілдеде Астана уақытымен сағат 04:40-та (3 шілде, Гринвич уақыты бойынша 23:40) Тараз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 63 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі 43,44° солтүстік ендік пен 71,59° шығыс бойлық координаттарында орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы 4,5, энергетикалық класы 10,6, ал ошағының тереңдігі 22 шақырымды құрады.

Жерасты дүмпуі Тараз қаласында 2 балл деңгейінде сезілген.