Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Kazakh Invest» жаңа ұлттық компаниясы құрылады

AstanaTV
16.02.2017ж. 20:00
2120
«Kazakh Invest» жаңа ұлттық компаниясы құрылады

«Kazakh Invest» деп аталатын жаңа ұлттық компания құрылады. Инвестициялар жөніндегі компанияның директорлар кеңесін премьер-министр Бақытжан Сағынтаев басқармақ. Бұл туралы Инвестициялар комитетінің төрағасы мәлімдеді.

Ұлттық компания «КазНекстИнвесттің» аясында осы айдың соңына дейін құрылады. Компания шетелдік өкілдіктер мен филиалдардан тұрады. Үкіметтің атынан ірі инвесторлармен және трансұлттық компаниялармен «бірыңғай келіссөз жүргізуші» міндетін атқаратын болады. 2016 жылдың тоғыз айында тікелей тартылған инвестиция көлемі төрт жарым есеге өсіп, 12,3 миллиард теңгені құраған. «Қазір шетелдік инвесторлардың бастамасымен қолға алынған 200-ден астам жоба жүзеге асу үстінде. 60 жоба жыл соңына дейін дайын болады», - деді комитет төрағасы.

Сапарбек Тұяқбаев, ҚР ИДМ инвестициялар жөніндегі комитеттің төрағасы:


Алдағы жылдары басымдықтар - мұнай және газ терең өңдеу, химия саласы, металлургия, жер қойнауын дамыту. Ал негізгі басым бағыт - тамақ өндірісі мен ауыл шаруашылық. Себебі алдағы 10-20 жылда осы салалардың басымдығы бар деп бағалап отырмыз.