Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Проблемалы несиелер қоры» АҚ Ұлттық Банктен Үкіметке өтеді

AstanaTV
16.02.2017ж. 20:00
2214
«Проблемалы несиелер қоры» АҚ Ұлттық Банктен Үкіметке өтеді

«Проблемалы несиелер қоры» Ұлттық Банктен Үкіметке өтеді. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді. Бұл норма азаматтық және банк саласындағы заңнамаларды жетілдіріп, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жасалып отыр.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:


Мемлекет басшысының Халыққа жолдауында айқындалған тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында заң жобасы банк секторын қалыпқа келтіру жөнінде шараларды көздейді. Атап айтқанда, "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ Ұлттық банктен үкіметке өтуі көзделген.

Сенаторлар үш жылдық бюджет қорының түзетулерін де пысықтап өтті. Құжат не бары 1 сағат ішінде Мәжілістен қолдау тапқан. Ал сенаторлардың көкейдегі сұрақтарын қойып, елдің басты қаржылық құжатын қабылдауға жарты сағат уақыты ғана болды. Палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер кабинетінің асығыс шәруасын сынға алып, Сенат қабырғасында мұндай қауырттық қайталанбасын деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Сенатының төрағасы:


Осында отырған министрлер мен басқарма басшыларына, аз уақытта мынандай маңызды заңнаманы қарап отырғанымыз соңғы рет болсын, деп ескерткім келеді. Жедел жасау керек еді, қабылдаңыздаршы дегенді тоқтатыңдар. Біз өтініштеріңді жерге қалдырған емеспіз. Бірақ енді қайталанбайтын болсын.