$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Атырауда эвакуациялық пункттегі тұрғындар үйлеріне оралды

11.06.2024ж. 20:00
423
Атырауда эвакуациялық пункттегі тұрғындар үйлеріне оралды

Атырауда эвакуациялық пункттерде бір де бір адам қалмады. Тасқын су қаупіне байланысты үйін тастап кетуге мәжбүр болған тұрғындар толықтай өз шаңырақтарына оралып, туған-туыстарымен қауышып мәре-сәре болды. Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылына кірер жолды су шайып, халық шұғыл эвакуацияланған. 150-ге жуық тұрғын мамырдың ортасынан бері қаладағы эвакуациялық пункттерді паналады. 

Қарлығаш ЫРЫСҚАЛИЕВА, ТАЛДЫКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

13 майда кеттік. Содан бүгін келіп жатырмыз. Алланың қалауымен ауылға аман-есен келіп жатырмыз. Қуаныштымын. Топан судан аман-есен алып қалған ауыл азаматтарына, еріктілерге, камазистерге, ауыл әкіміне рақмет. {Бізге 3 мезгіл тамағымен, ешқандай қиындық көрмей келіп жатырмыз. Ауылға кіре бастағанда көзімізге ерекше жас келді. Ауыл адамдарын көрген жоқпыз ғой кеткеннен. Жұмыстастарды көріп, көзге жас алып жатырмыз.

Бөгеттерде әлі күндіз-түні кезекшілік, жауапты мамандар жіті бақылауда. Аймақтан төтенше жағдай режимі алынған жоқ. Дегенмен қаладағы қауіп сейілген аумақтарда құм толы қаптар жиналып жатыр. Тек облыс орталығында 250 шақырым бөгет бекітілгені белгілі. Қалалық әкімдік 5 миллионға жуық қапшық таратқан еді. Оған еріктілердің қосқаны бар. Әкімдіктегілердің айтуынша, әзірге тұрғындардың серуендеуіне кедергі келтіріп тұрған аумақтардан ғана жиналып, карьерге қайта төгіліп жатыр.