$474.72 €515.17 ₽5.58
×

«Су тасқынынан бүлінген үйлердің құрылысы баяу жүріп жатыр», - О. Бектенов

11.06.2024ж. 20:00
370
«Су тасқынынан бүлінген үйлердің құрылысы баяу жүріп жатыр», - О. Бектенов

«Су тасқынынан бүлінген үйлердің құрылысы баяу жүріп жатыр». Премьер-министр Олжас Бектенов екі облыстың әкіміне ескерту жасады. Батыс Қазақстан мен Атырауда жағдай мәз емес. Белсенділік төмен, жұмыс мардымсыз. Олжас Бектенов жауаптыларға тірліктің қарқынын жеделдетіп, барлық істі уақытылы аяқтауды тапсырды.

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Мен өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысына бардым. Жөндеу және құрылыс жұмыстарының қарқыны жақсы. Басқа өңірлер әлі қажетті қарқынды ала алмай отыр. Тағы да еске саламын – жаз мезгілі қысқа, бәрін белгіленген мерзімде, әрі сапалы етіп жасауға біраз уақыт талап етіледі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі де Олжас Бектеновтың сөзін жалғай кетті. Қанат Шарлапаев Батыс Қазақстан және Ақмола облысында жүргізіліп жатқан жұмыстың қарқыны төмен, - дейді. Қазір бүлінген 2 мыңнан астам үй жөнделіп жатыр.

Қанат ШАРЛАПАЕВ, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ:

Су тасқыны салдарынан 18 005 тұрғын үй объектісі зардап шекті. 17 295 объект бойынша техникалық тексеріс нәтижелері бар. Тексерілген объектілер бойынша 2245 тұрғын үй салу, жылжымайтын мүлік нарығында 5,235 тұрғын үй сатып алу және 9 819 объектілерін жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда 1828 үйдің құрылысы басталды, бұл жоспарланған көрсеткіштің - 81 пайызы.