Бангкоктағы әйгелі Чатучак ашық базарында өрт шығып, мыңға жуық хайуан өртеніп кеткен, 100 дүкен жойылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап.
Базарда ит, мысық сияқты үй хайуанаттарынан басқа, егеуқұйрық, жыланның түр-түрі сатылған. Өрт электр сымдарының ақауынан шыққан. Қала билігі жарақат алған адамдардың жоғын хабарлаған. Бұған дейін базардағы жануарлар жағдайының нашарлығын айтып, ауру мен өлім-жітімнің ошағы деп санап келген көпшілік бұл жолы биліктен тағы да хайуанаттар аймағын жабуды талап етті.
Чатучак – тар көшелердің бойын жағалай ондаған мың дүкен орналасқан Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі базардың бірі. Әр демалыс күндері мұнда 200 мыңға дейін турист келеді.