Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Әйелімді мың есе артық жақсы көремін». Айыппұлдарға байланысты парламенттегі айтыс.

AstanaTV
18.02.2017ж. 20:00
2268
«Әйелімді мың есе артық жақсы көремін». Айыппұлдарға байланысты парламенттегі айтыс.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Күйеуі әйелін ұрса, айыппұл 40 мың теңге. Ал егер полицеймен тәжікелесіп қалсаң, 11 млн теңге төлейсің. Бұл не? Не, әйелің полицейден мың есе арзан ба? Мен, мысалы, әйелімді мың есе артық жақсы көремін. 

Осы аптада Парламент Мәжілісінде құқық қорғау жүйесін жетілдіру туралы заң жобасы талқыланған. Депутат А.Перуашевты «күйдірген» сондағы норма. Бұл туралы сәл кейін...

Аталған заң жобасы бойынша Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арнайы органдар, коррупцияға қарсы мекеме қызметкерлері, әскерилердің коррупциялық ісін тергеу құзыретін беруді сұрады. Елімізде коррупциялық істерді тергеумен Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрамына кіретін Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы айналысып келеді. Бас прокурордың орынбасары Иоган Меркельдің сөзіне қарағанда, бұл өзгеріс мұндай істерді тергеуде коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына "баламалы тепе-теңдікті" қамтамасыз етеді. Жаңалықтың бірі осы. 

Ал А.Перуашевтің «әйелің полицейден мың есе арзан ба? Мен, мысалы,әйелімді мың есе артық жақсы көремін» деген бір жағы қарсылыққа, екінші жағы махаббатқа толы сөзіне келсек, заң жобасы бойынша тәртіп сақшысына бағынбай, оған күш көрсеткен азаматқа 11 млн теңге айыппұл салыну көзделген. Ал әйелін ұрған ездің төлейтіні әрі кеткенде 34 мың теңге.  

Айзада Құрманова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Айыппұлдар көлемінің неге күрт өсіп кеткенін және оның жазасы жасаған әрекетке сай келмейтінін қалай түсіндіресіз? 

Бас прокурордың орынбасары И.Меркель «Айыппұлға байланысты айтқаныңыз дұрыс та шығар. Бірақ ол норманы ІІМ дайындаған» деп, Қ.Қасымовқа иек қақты. Ал оның айтуынша, 11 млн теңгені «айдан» алмаған, бар нормаларға сүйенген. Тіпті ең жоғары шекті алмай, «гуманистік» танытқан.  

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

41-ші «Айыппұл» бабы 500-ден 10 мыңға дейін айлық есептік көрсеткішті қарастырады. Біз 5 мың айлық есептік көрсеткішті алдық.

Бостандықтан айырылған мерзімнің бір күнін  үкіметтегілер 4 айлық есептік көрсеткіш деп есептеген– 11 млн теңге 3 жарым жыл түрме деген сөз. Егер айыппұл төлемесе.  

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Да-а. Откровенно говоря, сложно здесь что-то комментировать. Конечно, Калмуханбет Нурмуханбетович, жизнь и здоровье сотрудника правоохранительных органов необходимо защищать, но само по себе повышение штрафов не есть гарантия снижения уровня преступности.

Н. Нығматулин Президенттің айтарлықтай емес және орташа қылмыстық теріс қылықтар үшін жазаны жеңілдетуді тапсырғанын еске салды:

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

А что мы получаем на деле? Вы предлагаете в законопроекте ужесточить штрафы и увеличить их до, извиняюсь, умопомрачительных размеров – 11 миллионов тенге. Мы здесь заведомо загоняем под невыполнимый штраф. Не выполняет - сразу лишаем его свободы, увеличиваем тюремное население.

Әйеліне деген сүйіспеншілігіне дейін айтқызған нормаға кеңірек тоқталсақ – ұрып-соғу және денсаулығына жеңілдеу зиян келтіру дерегі бойынша 23 пен 34 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. 

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Пересчитал сейчас, Иоган Давыдович. К вопросу о штрафах. Сейчас депутат Хаменова сказала – 15 МРП 34 тыс тенге, это если женщину оскорбить, и, возвращаясь к предыдущему вопросу, там 11 млн-ов. И говорим о защите прав женщин. Надо пересмотреть,конечно.

Отырыстан кейін Бас прокурордың орынбасары мұңайып тұрып, 11 млн-дық айыппұл жазасын төтенше жағдай мен антитеррорлық операциялар кезінде қолдану көзделгенін айтқан.  

Иоган Меркель, ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары:

Бұл айыппұлдар төтенше жағдай мен террористік операциялар кезінде орган қызметкерлері мен әскерилерге бағынбаған тұлғаларға қатысты қолданылады. Басқа жағдайларда кең көлемде қолданылмайды.

Екінші оқылымға дейін 11 млн теңгені құрайтын айыппұл азайтылатын шығар. Бірақ қаншаға? «Полицейлік» сипат берілетін мемлекеттер еске түседі...