$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Қызылордада бильярд клубы өртеніп, 18 адам эвакуацияланды

AstanaTV
14.06.2024ж. 21:09
1457
Қызылордада бильярд клубы өртеніп, 18 адам эвакуацияланды

14 маусымда Қызылорда қаласындағы бильярд клубтарының бірінде 4 шаршы метр алаң өртенді.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылардың шебер және жедел әрекеттерінің арқасында шақыру сәтінен бастап 27 минут ішінде өрт толығымен сөндірілді.

"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы", делінген хабарламада.