Мектептегі
алғашқы әскери дайындық пәні сағатын арттырып, оған қатысты оқу әдістемелік
құралдарды жетілдіру қажет. Қорғаныс министрлігінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында жас
сарбаздармен кездескен Дариға Назарбаева осылай деді. Сондай-ақ Сенат депутаты
кадеттердің тәжірибе жағына баса мән беру керектігін жеткізді. Жиын барысында
кадеттер көкейінде жүрген сұрақтарына қонымды жауап алды. Ал өз кезегінде
«Айбынның» жас сарбаздарының әскери-оқу жаттығу жиынына шақыртуын қабыл алған
Дариға Назарбаева, өрендерге ән орындап беруге уәде берді.
Дариға
Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және
қауіпсіздік комитетінің төрайымы:
Патриоттық
сезім, меніңше, әрқайсымызға жүректерімізге жақын сезім. Қай жерде болсақ та, әрқайсымыз өзіміздің
туған үйімізге, туған жерімізге, жұмыс істеп, барлық жігерлерімізді салу, меніңше, сол патриоттық сезім.