$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Жамбыл облысында қар көшкінінен 7 сарбаз қаза тапты

AstanaTV
17.02.2017ж. 20:00
2655
Жамбыл облысында қар көшкінінен 7 сарбаз қаза тапты

Жамбыл облысында қар көшкіні салдарынан 7 сарбаз қаза тапты. Тағы 16 әскери құтқарылған. Бұл туралы ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді. Аман қалған сарбаздар қазір медициналық тексеруден өтіп жатыр. Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімінің 20 шақты сарбазы қатысқан таудағы оқу-жаттығу кезінде қар көшкіні жүрген.

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі:

Бүгін 17 ақпан сағат 13.15-те Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай кезекшілік басқармасына Жуалы ауданында Алатау ауылының тұрғынынан қар көшкінінің астында ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері қалды деген хабарлама түсті. 16 адам құтақырылды және 7 адам, өкінішке орай, көз жұмды.

Қазір осы оқиғаға байланысты «Оңтүстік» аймақтық басқармасында шұғыл штаб құрылды.