Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Сенатор Дариға Назарбаева жас патриоттармен кездесті

AstanaTV
17.02.2017ж. 20:00
2675
Сенатор Дариға Назарбаева жас патриоттармен кездесті

Мектептегі алғашқы әскери дайындық пәні сағатын арттырып, оған қатысты оқу әдістемелік құралдарды жетілдіру қажет. Қорғаныс министрлігінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында жас сарбаздармен кездескен Дариға Назарбаева осылай деді. Сондай-ақ Сенат депутаты кадеттердің тәжірибе жағына баса мән беру керектігін жеткізді. Жиын барысында кадеттер көкейінде жүрген сұрақтарына қонымды жауап алды. Ал өз кезегінде «Айбынның» жас сарбаздарының әскери-оқу жаттығу жиынына шақыртуын қабыл алған Дариға Назарбаева, өрендерге ән орындап беруге уәде берді.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы:

Патриоттық сезім, меніңше, әрқайсымызға жүректерімізге жақын сезім. Қай жерде болсақ та, әрқайсымыз өзіміздің туған үйімізге, туған жерімізге, жұмыс істеп, барлық жігерлерімізді салу, меніңше, сол патриоттық сезім.