Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Шығыс Қазақстанда бораннан жолдар жабылып қалды

AstanaTV
17.02.2017ж. 20:00
2915
Шығыс Қазақстанда бораннан жолдар жабылып қалды

Шығыс Қазақстанда қарлы боранның кесірінен жолдар жабылды. Таңертеңнен бері құтқарушылар бірнеше жеңіл көліктегі жолаушыларды қауіпсіз аймаққа шығарған. Қар құрсауында қалған азаматтар жақын елді мекендерге жеткізіліп, тиісті көмек көрсетілді.  Бұрқасынның күштілігі сонша, жолда қалған техникаларды төбесіне дейін қар басып қалған. Ал Семейде төтенше жағдай қызметкерлері хәл үстінде жатқан науқасқа жедел жәрдемнің уақытылы жетуін қамтамасыз етті.

Анастасия Скляр,  ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы:


Құтқару жұмыстары Ұлан ауданындағы екі автокөлік бағытында жүзеге асты. Ол Өскемен-Семей, Өскемен-Алматы бағыты бойынша. Жолда қалған азаматтар арнайы техниканың көмегімен қауіпсіз аймаққа шығарылды. Барлығы дін аман.