$467.29 €501.03 ₽5.35
×

Рыбакинаның басты қарсыласы Париж Олимпиадасына қатыспайды

AstanaTV
17.06.2024ж. 22:33
2103
Рыбакинаның басты қарсыласы Париж Олимпиадасына қатыспайды

Әлемнің үшінші ракеткасы Арина Соболенко Париждегі Олимпиада ойындарына қатыспайды. Бұл туралы журналист Марио Боккарди өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Беларусь теннисшісі күнтізбесінің тығыз болуы мен корт төсенішінің қиындығына байланысты бас тартып отыр.

Париждегі Олимпиада ойындарында теннистен жарыстар 27 шілде мен 4 тамыз аралығында топырақ төсеніште өтеді.