$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елімізде жылына 50 млн тонна руда, 25 млн тонна сульфидтік-кен шығаратын Көксай тау-кен байыту комбинаты іске қосылмақ

Елімізде жылына 50 млн тонна руда, 25 млн тонна сульфидтік-кен шығаратын Көксай тау-кен байыту комбинаты іске қосылмақ

Елімізде жылына 50 млн тонна руда, 25 млн тонна сульфидтік-кен шығаратын Көксай тау-кен байыту комбинаты іске қосылмақ. Зауыт Жетісу облысы Кербұлақ ауданында салынады. Шетелдік инвестор ауқымды жобаға 2022 жылдан бері 1,3 триллион теңге қаражат құйған. 

Кәсіпорынды жоспарлау кезінде кедергі туындап, зауыт салуға рұқсат беретін уәкілетті орган су объектілерінің бар-жоғына тиісті талдау жүргізбеген. Көксай кен орнында жер асты сулары бар деп, комбинат салуға рұқсат бермепті. Дегенмен, мәселе оң шешімін тапты. Президенттің Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруды қолдау тапсырмасы аясында құрылған «Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі жобасы» бойынша Кербұлақ аудандық прокуратурасы тиісті мамандар көмегімен аумақта жерасты суының жоқ екенін анықтады. Нәтижесінде 2025 жылы бюджетке 1,7 триллион теңге пайда әкелетін кәсіпорын құрылысы басталды.

Сабыржан МОЛДАБАЕВ, ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ТАУ-КЕН ӨНДІРІС КОМПАНИЯСЫНЫҢ РҰҚСАТНАМА БОЙЫНША МАМАНЫ:

Облыстың прокуратурасына Қолайлы инвестициялық климат тудыру мақсатында осы Жетісу облысының әкімдігі, Кербұлақ ауылының әкімдігі үлкен жұмыс атқаруда алғысымызды білдіреміз. Мемлекет тарапынан біз қолдауды сезініп отырмыз. Бізде екі өнім шығарылады деп жоспарлап отырмыз. Ол катотты мыс Екіншісі мыс молибдині бар қосылған концентрат.

Аумағы 14 000 шаршы метр болатын комбинат 20 жылға шарт жасасқан. 2000-нан астам жергілікті тұрғынды еңбекпен қамтымақ. Бұған халық риза.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Қазір жастар көбісі қалаға кетіп жатыр мысалы  жастарға жұмыс болады.
- Енді заводтар салынса бізге жақсы ғой. Зарплатамыз көбейеді.

Завод басшылығы өндіріс орны ашылған соң Кербұлақ ауданының білім, медицина, спорт саласына қаражат құйып, өңірдің экономикалық деңгейінің көтерілуіне атсалысатынын айтады.