$446.56 €512.34 ₽5.3
×

Эбола індеті: Жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артты

20.09.2026ж. 21:32
Эбола індеті: Жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артты
Фото: lanature.ca

Конго Демократиялық Республикасында  Эбола вирусының өршуі салдарынан жағдай күрделене түсті, деп хабарлайды  AstanaTV.

Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметінше, елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 7 404 адамға жеткен. Індет салдарынан 3 577 науқас қайтыс болып, 1 776 адам дертті жеңіп шықты. Соңғы 24 сағаттың өзінде тағы 23 тұрғын айығып, ауруханадан шығарылды.

Қазіргі уақытта қауіпті вирус елдің 7 провинциясындағы 62 ауданға таралып үлгерді. Дегенмен Жоғарғы Уэле, Оңтүстік-Киву және Оңтүстік-Убанги өңірлерінде соңғы уақытта жаңа кейстер тіркелген жоқ.

Бұл індеттің басталғаны 15 мамырда, КДР-дың шығысындағы Итури провинциясында 246 күдікті жағдай мен 65 өлім дерегі анықталған соң ресми түрде жарияланған болатын. Денсаулық сақтау органдары бұл жолғы өршуге Эбола вирусының «Бундибугио» нұсқасы себеп болып отырғанын хабарлайды. Өкінішке қарай, бұл штаммға қарсы әлі күнге дейін ресми түрде мақұлданған вакцина немесе арнайы емдеу әдісі жоқ.

Осыған қарамастан, вирустың ары қарай таралуын тоқтату мақсатында билік өкілдері бірқатар шұғыл шараларды қолға алуда. Кейбір провинцияларда вакцинация қарқыны жеделдетіліп, шекаралық бақылау бекеттерінде тексеріс күшейтілді. Сондай-ақ тұрғындар арасында ақпараттандыру мен түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.