Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Рианна, Шакира, Илон Маск...және Шымкенттегі гауһартастар...

AstanaTV
18.02.2017ж. 20:00
2273
Рианна, Шакира, Илон Маск...және Шымкенттегі гауһартастар...

Осындай еңбек қатынастары. Мүмкін «жасыл экономика» өндірістік жарақат алуды, өндірістегі өлімді азайтар?.. Кекесінді қоя тұралық, L’Officiel Kazakhstan басылымы EXPO-2017 халықаралық көрмесіне белгілі поп-әншілер Рианна мен Шакира келетінін хабарлаған. Осы аптада тағы бір қонақтың аты аталды. Tesla мен SpaceX бас директоры Илон Маск келуі мүмкін. Илон Маск Марсқа адам жібергісі келетін қиялилау миллиардер. Екінші жағынан автонарық заңдарын бұзған адам – тоқпен жүретін көлік шығарып. Егер келсе, көрменің мазмұны арта түсетіні сөзсіз. Маск және шешен көрінеді. Көрерменін «ұстап» отыратын қасиеті бар екен. Рианна мен Шакираны хэдлайнерлер ретінде шақыру да жаман идея емес сияқты. Жаңа технологиялардың маңызын түсініп ғана қоймай, негізінен табанды еңбектің арқасында жағылған әлемдік арена жұлдыздарын тірілей көреді. Олар да келсе, әрине. Әншілер? Талантты инженер-өнертапқыш? Кім жүрегіңізге жақын?

Енді бір деталь.Әйгілі Damiani зергерлік брендінің дүкені Шымкентте ашылыпты. Rixos Khadisha Shymkent отелінде. Бутиктің ашылуына Damiani S.p.A президенті Джорджио Дамиани келген. Hommes.kz порталының жазуына қарағанда, Дамиани мырза ырза болған. Қонақжайлыққа. Бутиктің лентасын Джорджио Дамиани, ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Әбдрахимов, Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева қиған. Алыстан келген қонаққа әрине, бөрік кигізіп, шапан жапқан. «Қыздардың ең жақын досы гауһартастар» дегенде көп қателік бар негізі...