Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жамбыл облысында қар көшкінінің астында қалған сарбаздар өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

AstanaTV
20.02.2017ж. 20:00
3517
Жамбыл облысында қар көшкінінің астында қалған сарбаздар өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Жамбыл облысында қар көшкінінің астында қалған сарбаздар өліміне қатысты "соңы ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметіне салғырт қарау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Бас әскери прокуратурасының ресми өкілі Жеңіс Темеков мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір тергеу жүріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу Бас әскери прокуратураның бақылауына алынған.

Жеңіс Темеков, ҚР Бас әскери прокуратурасының ресми өкілі:

Ағымдағы жылдың 17-ші ақпанында ҚР ҚК 435 бабының 2 бөлігі, ол ауыр зардаптарға әкеп соқан қызметке салғырт қарау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы оқиға бойынша Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорының басшылығымен тергеу жедел тобы құрылды.

Естеріңізге сала кетсек, Қорғаныс министрлігінің 91-678 әскери бөлімінің 7 сарбазы Жамбыл облысы Жуалы ауданында Көксай шатқалында жоспарлы әскери дайындық барысында қар көшкінінің астында қалып көз жұмды. 16 сарбаз құтқарылды.