АҚШ-тың Нью-Мексика штатында алапат орман өрті үйлер мен автомашиналарды шарпыды.
Соңғы мәліметке қарағанда, 1400-дей баспана мен өзге де нысандар күлге айналған. Бір адам қаза тауып, Рудосо елдімекенінің 7 мыңдай тұрғыны түгел қауіпсіз жерге көшірілді.
Ал Чикаго, Нью-Йорк сияқты бірнеше штатта аптап ыстық. Сондықтан, мұнда суға түсушілер көбейген. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды.