Кеше қарды боран кесірінен жабылған Астана-Қарағанды бағытындағы жол әлі де ашылған жоқ. Жолаушылар, ауа-райы бүгін айтарлықтай жылы болса да, "діттеген жерімізге бара алмадық" деп, наразылық білдірді. Ашуға булыққан олардың сөзінше, «жол тазалаушылар жұмысқа кеш кіріскен. Салдарынан жолды тазалап үлгермей жатыр». Қазір жол-патрульдік полицейлері тек Астанаға жақын орналасқан елді мекенге барушылардың тіркелген жерін тексеріп, тек содан кейін ғана жолға шығарып жатыр. Астана-Қарағанды бағытына жолға шыға алмаған жүздеген жүргізуші бекетте кептеліп тұр. Ал, Қарағанды бағыты қашан ашылатыны әзірге белгісіз. Жүйкесі тозған жүргізушілер нақты жауап біле алмай дал.
Жол
жабылған дейді, жол барысындағы бір көпір түгел қар астында қылыпты. - Оны
тазалауға болмайды ма? Тазалап жатыр ғой, үлгермей жатыр.- Ешкім де ештеңе
тазалап жатқан жоқ. Қашан ашатыны белгісіз. - Сіздер енді үміттеріңізді
үзбеңіздер. - Ешкім де дұрыс жауап бермейді. 112-ге хабарлассақ, қашан ашатыны
белгісіз, дейді.
"Қазавтожолдың" ресми парақшасындағы ақпаратқа сүйенсек, қазір ауа райының қолайсыздығы
салдарынан Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында бірнеше
бағыттарға жол жабылған. Ал, төтенше жағдай мамандары, әзірге қар құрсауында
қалғандар жоқ, дейді.
Руслан
Иманқұлов, ТЖ Комитетінің ресми өкілі:
Егер
жол жабық болып, жолаушылар жолға шығарылмаса, демек олар қауіпсіз жерде деген
сөз. Сондықтан жүргізушілер бұған түсіністікпен қарауы керек. Себебі жол
ортасында қалып қойса, құтқару қиындау болады. Дәл қазіргі уақытта жолдан
қалғандар жоқ. Алайда ауа-райының құбылуына орай ол кез-келген уақытта пайда
болуы мүмкін. Өткен тәулікте 6 облыстан 200-ге жуық көлік қар құрсауынан
шығарылып, 300-ге жуық адам құтқарылды.