$479.05 €534.57 ₽5.17
×

5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны: Медальдар қандай болады

AstanaTV
24.06.2024ж. 18:36
246
5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны: Медальдар қандай болады

Бүгін Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойынының медальдары таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Медальдарды 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров таныстырды.

Медаль қола қорытпасынан жасалған. Медальдің ортасында көшпелілер өркениетінің белгісі - ат үстіндегі Күн басты адамның таңбасы бар. Медальдің контуры ұлттық символымыз шаңырақ түрінде жасалған. Медаль таспасы ерекше, сердолик минералының түсі секілді. Онда Ойындардың өтетін орны мен уақыты көрсетілген естелік жазба бар, - деді спикер.