$489.39 €567.5 ₽6.69
×

Ұландықтар жол апатынан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетті

17.06.2026ж. 21:26
Ұландықтар жол апатынан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетті
Фото: Ұлттық Ұланның баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімінің сарбаздары Алматы-Өскемен тас жолының Заречный шағынауданына қарасты бөлігінде болған жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетті.

Оқиға куәгері болған ұландықтар дереу апат орнына жетіп, жедел қызметтер келгенге дейін зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірісті. Әскери қызметшілер жол-көлік оқиғасы орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, зардап шеккендердің жағдайын бағалап, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырды.

Көмек көрсету жұмыстарына сержант Берік Сәрсенбиев, ефрейтор Шарапат Сағынов, санитарлық нұсқаушы қатардағы Нұркен Бектай, сондай-ақ қатардағы жауынгерлер Қамбар Қанабек пен Әділ Қыстықбай қатысты.

Әскери қызметшілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында зардап шеккендер медицина қызметкерлері мен құтқару қызметі мамандары келгенге дейін қажетті көмекті дер кезінде алды.