$489.39 €567.5 ₽6.69
×

Полицейлер толғағы қысқан әйелді шұғыл перзентханаға жеткізді

17.06.2026ж. 20:15
Полицейлер толғағы қысқан әйелді шұғыл перзентханаға жеткізді
Фото: polisia.kz

Жылыой ауданында көлік кептелісінде қалған жүргізуші патрульдік полиция қызметкерлерінен көмек сұрап, көлікте толғағы қысқан жұбайының отырғанын айтқан.

Жағдайдың шұғыл екенін ескерген полицейлер уақыт жоғалтпай әрекет етіп, қызметтік автокөлікпен жол бастап, әйелді перзентханаға дер кезінде жеткізуге көмектесті.

Осылайша жүкті әйел дер кезінде дәрігерлердің бақылауына алынып, аман-есен босанды.