$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыдағы құрылыс нысандарына мониторинг жүргізілді

25.06.2024ж. 20:00
320
Алматыдағы құрылыс нысандарына мониторинг жүргізілді

Алматыда жаңа нысандарға мониторинг жүргізілді. "Аманат" партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында салынып жатқан ғимараттарды депутаттар көрді. Тексеріс барысында кеткен олқылықтар мен шығындар есептеліп, алдағы уақытқа жоспарлар құрылды. Оған қоса жауаптылар Абай - Яссауи көшелерінің қиылысында 2022 жылы басталған Қалқаман метро бекетінің құрылысымен танысты. Қазір онда 100 жұмысшы бар. Ұзындығы 7,2 шақырым болатын метро бекет 2026 жылы қолданысқа берілмек. 

Станислав КАНКУРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін Қалқаман метро станциясының құрылысының барысымен таныстық. Жоба 4 станцияның құрылысымен бірге метро желісінің 7, 2 шақырымға кеңейтуді көздейтін сайлауалды бағдарламаның ыңғайлы бөлік жүйесі бөліміне енгізілген. Бұл жолаушылыар санынын 20 мың адамға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қалқаман станциясының құрылысын аяқтауды 2026 жылдың басына жоспарланған.

Одан бөлек жауаптылар 550 орындық мектеп құрылысына барды. Ондағы ішкі-сыртқы жұмыстар 70-80 пайызға біткен. Сонымен қатар бақылаушы топ жаңадан салынған полиция орталығын аралады. Мұнда 13 полиция қызметкері 55 бағыт бойынша жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған осындай орталық қаланың әр ауданынан ашу жоспарлануда. 

Айтан ЕЛЕУСІЗОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінде полицияның сервистік моделін енгізу аясында мемлекет басшысы қаламыздың 8 ауданында полиция сервистік орталықтарын ашуды қамтамасыз етуді тапсырды. Мұндай қадам полиция басқармасын жеңілдетуге және олардың жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жобаның тұжырымдамасы клиентке және адамға деген бағдарлану болып табылады.