$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Су тасқынынан кейін инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін 48,7 млрд теңге керек

25.06.2024ж. 20:00
451
Су тасқынынан кейін инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін 48,7 млрд теңге керек

Су тасқынан зардап шеккен 33321 отбасы 100 Айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем алды. Қазір бұл жұмыс Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Абай және Ұлытау облысында толық аяқталды. Мал шығыны да өтеліп жатыр. Оған 2,8 млрд теңге берілген. Апат кезінде суға кеткен 18228 тұрғын үй зерттелді , 15651 нысан бойынша бағалау аяқталды. Нәтижесінде, 9306 баспананы қайта қалпына келтіру жұмысы жүруде. Жөндеуге келмейтінінің орнына 5714 үй сатып алу жоспарланған. Бұның барлығына шамамен 257 млрд теңге қажет. 

Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі уақытта 6176 отбасы жалпы сомасы 40 млрд теңгеге баспана жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды. Зардап шеккен аймақтарда бүгінде 3414 отбасы қираған тұрғын үйдің орнына жаңа үйлер мен пәтерлер сатып алынды немесе өтемақы төленді.