$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Алматы жазы» науқаны басталды

26.06.2024ж. 20:00
189
Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Алматы жазы» науқаны басталды

Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Алматы Жазы» науқаны басталды. 26 маусым мен 6 шілде аралығында өтетін шарада қаладағы субұрқақтар, өзен жағалаулары, арықтар тазартылып, ағаштар кесіледі. 

Алинұр БАКЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

«Алматы Жазы» акциясы аясында қаладағы 150 фонтан тазаланатын болады. Оның 66-сы коммуналдық, 84-і жеке аумақта. 6 мыңға жуық ағашты санитарлық мақсатта кесу жоспарланып отыр. 700 контейнерлік алаңға жуу және дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.

Науқан аясында аялдама кешендері, бағдаршамдар мен жол белгілері жуылып, өзен жағалауы мен су айдындарының аумағын қоқыстан тазарту жоспарлануда. Сондай-ақ көшелер және ауладағы қоқыс жәшіктері жуылып, жаңартылмақ. 

Дулат АШКЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Акция аясында қаладағы инфраструктураларға санитарлық жұмыстар жүргізіледі.Көше жиһаздары, қоқыс салатын жәшіктер, балалар ойын алаңдары, 1000-нан аса автобус аялдамасы, сондай-ақ 1 525 шақырым арық желілері тазартылады.