$479.23 €534.96 ₽5.16
×

Ақтөбедегі ат спорты мектебіне асыл тұқымды жылқы орнына, мініс аттарын сатып алған кәсіпкер жауапқа тартылды

26.06.2024ж. 20:00
282
Ақтөбедегі ат спорты мектебіне асыл тұқымды жылқы орнына, мініс аттарын сатып алған кәсіпкер жауапқа тартылды

Ақтөбедегі ат спорты мектебіне асыл тұқымды жылқы орнына, мініс аттарын сатып алған кәсіпкер жауапқа тартылды. Ол бес жылқының құнын толық қайтаруы тиіс. Былтыр Ақтөбедегі спорт мектебінде аудиторлық тексеріс болған. Сол кезде спорт мектебіне алынған тұлпарлардың асыл тұқымды емес, қарапайым ат екені анықталды. Кәсіпкерде оның асылтұқымды екенін дәлелдейтін құжаттары болмай шыққан. Оқыс оқиғадан кейін спорт мектебінің басшысы да, есепшісі де қызметтен кетті. Көкпаршылар үшін қазына қаражатына сатып алынған бес жылқының құнын сот шешімімен тендерді ұтқан кәсіпкер қайтаратын болды. 

Жансая ТАИРОВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Сотта аудиторлық есеп бойынша жауапкермен жеткізілген бес бас көкпар спорттық жылқылардың техникалық ерекшелік шарттарына сәйкес келмейтіні анықталды. Жауапкермен осы жылқылардың асыл тұқымға жататындығы дәлелдейтін құжаттар, яғни асыл тұқымдық қуәліктер ұсынылған жоқ.