$475.18 €510.72 ₽5.47
×

Астана күнінде қазақстандықтар қалай демалады?

AstanaTV
30.06.2024ж. 08:08
95
Астана күнінде қазақстандықтар қалай демалады?

2024 жылы 6 шілде, яғни Астана күні - мемлекеттік мереке, сенбіге сәйкес келеді. Олай болса, демалыс күнін дүйсенбіге ауыстыру арқылы қосымша 1 демалыс және қысқартылған жұмыс аптасын береді. Бірақ бұл өзгеріс алты күн жұмыс істейтіндерге қатысты емес, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осылайша, бес күндік жұмыс істейтіндер үшін: 6, 7 және 8 шілде 2024 - демалыс күндері, бірақ алты күндік жұмыс үшін 8 шілде - жұмыс күні саналады.

Сонымен қатар, осы айда кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс күніне қарамастан, атаулы датаға қатысы барлар бұл күнді атап өтіп, бірін-бірі құттықтайды.

Кәсіби мерекелердің тізбесі жаңа редакцияда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 17.11.2023 жылғы №480 бұйрығымен, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

2 шілде - Дипломатиялық қызмет күні;

7 шілде (шілденің бірінші жексенбісі) - Ұлттық домбыра күні;

9 шілде - Су шаруашылығы қызметкерлері күні;

13 шілде - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні;

14 шілде - нотариат күні;

14 шілде (шілденің екінші жексенбісі) - балық шаруашылығы қызметкерлері күні;

21 шілде (шілденің үшінші жексенбісі) - Металлург күні;

28 шілде (шілденің төртінші жексенбісі) - сауда қызметкерлері күні.