Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

4000 мектеп электронды журнал қолданады

AstanaTV
22.02.2017ж. 20:00
3972
4000 мектеп электронды журнал қолданады

«Күнделік» жүйесіне құрылғылар сатып алу үшін алдағы үш жылда 12 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы «Электронды журналдар және күнделіктердің бірыңғай жүйесі» пилоттық жобасы туралы жиында Білім және ғылым министрлігі өкілдері мәлімдеді. Мамандардың сөзінше, қазір мұғалімдерді қағазбастылықтан арылтудың жүйесі жасалып жатыр. Электронды журнал қолданатын 4000-ға жуық мектепте мұғалімдер кез келген тексеруші органға электронды журналмен есеп береді. Ал мектептерге арналған "Kundelіk.kz" жүйесіне 3 887 мектеп пен 2,5 млн адам тіркеліпті.

Жаңыл Жонтаева, ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры:

Екі журнал жүргізілмейді осы пилот өтіп жатқан мектептерде. Тек қана электрондық. Кез келген тексеруші. Мейлі кім келсе де, тек электрондық журнал болады. Қағаз журнал болмайды.