Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Павлодарлық экология департаменті тиісті 110 лоттың екі-үшеуіне ғана байқау өткізген

AstanaTV
23.02.2017ж. 20:00
1926
Павлодарлық экология департаменті тиісті 110 лоттың екі-үшеуіне ғана байқау өткізген

Павлодар облыстық экология департаменті химиялық реактивсіз қалуы мүмкін. Өйткені мемлекеттік сатып алуға шығарылған 110 лоттың тек екі-үшеуіне ғана байқау өткізілген. Шенеуіктердің сөзінше, байқау ақпанда ұйымдастырылғанмен, оған қатысушылар табылмаған. Соның салдарынан мемлекеттік сатып алу болмай қалды. Мекеменің химиялық бақылау бөліміне шамамен 10 грамман 1 кг дейін түрлі химиялық реактивтер қажет. Бұл заттар лабораториялық жұмыстарда қолданылады. Анықталғандай, әктасты сатып алу бойынша байқауға бірде бір өтініш түспепті. Дәл осындай жағдай - натрий сульфаты мен калий цитратын алу ісінде де кездескен. Бүгінде әрбірінің құны 1 мың теңгені құрайтын 45 конкурс өткізілмеген деп танылды.

Татьяна Бишевец, Павлодар облыстық экология департаментінің бас есепшісі:


Сатып алынатын химиялық реактивтер 40 теңгеден 134 мың теңгенің арасында. Байқаудың болмай қалуының басты себебі валютааралық алшақтық пен  химиялық реактивтерді әкелу уақытының тығыздығында деп ойлаймын. Бұл жағдайдан шығудың басты жолы - баға саясаты мен тауарды әкелу мерзімін қайта қарау болып табылады.