Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

ШҚО кәсіпкерлері: Қазақстандық тауарды сыртқа шығармақ түгілі, ішкі нарыққа өткізу өте қиын

AstanaTV
23.02.2017ж. 20:00
2342
ШҚО кәсіпкерлері: Қазақстандық тауарды сыртқа шығармақ түгілі, ішкі нарыққа өткізу өте қиын

Қазақстандық тауарды сыртқа шығармақ түгілі, ішкі нарыққа өткізу өте қиын. Шығысқазақстандық кәсіпкерлер Инвестиция және даму министріне осылай деп шағымданды. Жеңіс Қасымбек өндірушілерге әсіресе, өнімі халықаралық талаптарға сай кәсіпорындарға қолдау көрсетуге уәде берді. Электр техникалық құралдарын құрастырумен айналысатын "Кэмонт" зауытындағылар өнімдерінің өтпей тұрғанын айтты. Өйткені ұлттық компаниялар құны қымбат шетелдік тауарға тапсырыс жасайды. Ал отандық тауарды алуға қызығушылық танытпайды, - дейді кәсіпорын басшылары. Өнеркәсіп өкілдері өнімді сыртқа шығаруға көмектесуді сұрады. Өйткені электртехникалық құралдарға берілетін қазақстандық сертификатты соңғы кездері Ресей тарапы мойындамай отырған көрінеді. Соның салдарынан отандық өндірушілер көрші мемлекеттің сараптама орталықтарына жүгініп, шығынға ұшырап отырса керек. Осы уақытқа дейін кәсіпорын 65 пайызға жуық өнімін көрші мемлекет нарығына өткізіп келген.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестиция және даму министрі:


Бір аптадан кейін біз Астанада кездесеміз. Бізде еліміздің әр аймағы бойынша толық индустрияландыру картасы бар. Сол кездесу барысында компания басшыларына алдағы 3-5 жыл аралығында қай өңірде қандай өнім шығарылатындығын көрсеткіміз келеді. Соның арқасында әр компания мониторинг жүргізіп, қай бағытта және қай жерде жұмыс істеу керектігін анықтауы тиіс. Бүгінгі таңда еліміз бойынша 90 ірі компания іріктеліп алынды.