Жамбылда
жалақы дауы. «Жамбылгипс» кәсіпорнының жұмысшылары қазан айынан бері айлықтарын
ала алмай жүрміз дейді. Ақшасыз қалып ашынған 30-ға жуық адам мекеме алдында шу
шығарды. Кәсіпорын кеңсесіне баса көктеп барып, басшылығынан еңбекақыларын
беруді талап етті. Алайда, айлықтарын даулап барған жұрт басшысынан жұмыстан
шығатындарын естіп, салы суға кетті. Данияр Әлімқұл тараптарды тыңдады.
Еңбекақыларын
ала алмаған ел ереуілдетіп, есік алдында ұзақ тұрды. Кәсіпорын күзеті есіктен
енгізбегенімен, табандап тұрып алған жұмысшылар райынан қайта қоймады. Олар 3
айдан бері бір тиын да алмадық дейді. Ал әр адамның алар айлығы бар-жоғы 16
мың мен 35 мың теңге аралығында.
Болатбек
Айтбаев, дәнекерлеуші:
Арты
15, алды 35 мың-ақ болып қалды. Әйтпесе 60 мың еді алатын айлығымыз. Сол 15
мыңымызды ала алмай отырмыз. Не үшін? Жоқ ақшалары. Күтіңдер дейді. Бір жарым
жылдан бері осылай. Негізі айлықты таза үш ай кешіктіріп отыр.
Нұржас
Орманов, бұрғылаушы:
Шықпайсыңдар
ма жұмысқа. Боссың дейді. Бұларға біз құл сияқтымыз. Менің 6 балам бар. Бәрі
мектепте, пәтер жалдап тұрам. Жарықтың ақшасы бар, су бар, айлықтары мынау. 28
мың теңге алам. Оның өзін бермей жатыр. 25, 26, 28 мың айлық алатын балалар бар
міне.
«Жымбылгипс» кәсіпорнының іргесі қаланғанына 17 жыл болған. Онда шамамен 500-ге жуық
адам еңбек етеді. Ал айлығын ала алмай жүрген "Үлкен бурыл тау" цехі
жұмысшылары. Яғни шамамен 200-ге жуық адам бұрғылау, шикізатты қазу
жұмыстарымен айналысады. Жалақы сұрап жанжал шығарған жұртты кәсіпорын
басшылығы көп күттіргенімен, ақыры төбе көрсетті.
Біз
ашпыз. Бала-шаға бетімізге қарап отыр. Ең болмаса 35 мың теңгенің жартысын бермейсіңдер ма? Енді бәрімізді жұмыстан
шығарамыз дейсің. Аз айлыққа шыдап көніп істеп келе жатырмыз ғой. Сол аз
айлықты бермегеніңізге жылап кеп тұрмыз. Қазаннан бері алмадық. 16 мың теңге
алады міне Айбек. Айлығы осындай екенін айтуға ұялады ол. - Жұмыстан шығады
бұлар. Болды. - Неге? Бүгін жұмысқа шыққан жоқ. Жұмыс тоқтап қалды.
Басшының
айтуынша, тау тастарын ұнтақтап, гипсті цехқа жеткізетіндер бүгін жұмысқа
шықпай, зауыт тоқтап қалған. Ал жалақыны 3 ай емес, бір ай ғана кешіктірдік, дейді.
Димар Мэлсин, «Жамбылгипс» АҚ вице-президенті:
Бүгін
тағы да срыв жасап жатыр. Бұлардың бәрін де арнайы бап бойынша шығарамыз да, 3
күн ішінде заң бойынша айлықтарын береміз. - Не үшін шығарасыздар? - Бүгін жоқ
жұмыста бұлар. Несанкционированный, рұқсат сұрады ма бұлар? Жалақы бермеген
себебіміз - қазір сезон емес. Жаздағыдай өнім жоқ. Экономикалық кризис жүріп
жатыр елімізде. Газ да, жарық та, су да қымбаттап кетті.
Жалақыға
жарымай жүргендердің жанайқайын облыстық кәсіпкерлік басқармасы да естіді.
Жанжал шыққан жерге жедел жеткен олар мәселені реттеуге күш саламыз деп
сендірді.
Басшыларымен сөйлесеміз. Қандай шаралар қолданамыз? Біріншіден, бұл жекеменшік
қой. Қандай проблема бар, біліп, сөйлесіп, шемеміз.
Данияр
Әлімқұл, тілші:
Мекеменің
вице-президенті берешек мөлшерін сұрағанымызда, есепші емеспін деп, ештеңе
айтпады. Қысқасы, жұмысшылары апта аяғына дейін айлықтарын алатынын айтты.
Бірақ, жыртығын жамауға жетпейтін жалақысын ала салысымен, жұмыстарымен
қоштаспақ. Мұнымен келіспейтін жұмысшылар сотқа шағымданбақшы.
Данияр
ӘЛІМҚҰЛ