$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Елена Рыбакина Уимблдон турниріндегі екінші матчында қиындыққа тап болды

AstanaTV
05.07.2024ж. 06:26
142
Елена Рыбакина Уимблдон турниріндегі екінші матчында қиындыққа тап болды

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан Уимблдон турниріндегі екінші кездесуін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирінің 1/32 финалдық кезеңінде неміс теннисшісі Лаура Зигемундқа (WTA әлемдік рейтингінде 72-орын) қарсы ойнады. Қазақстандық спортшы 6:3, 3:6, 6:3 есебімен үш сетте жеңіске жетті. Кездесу 2 сағат 14 минутқа созылды, 12 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдалана білді.