Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жерге ұқсас 7 планета табылды

AstanaTV
23.02.2017ж. 20:00
3809
Жерге ұқсас 7 планета табылды

NASA ғалымдары жерге ұқсас 7 планета тапты. Оның үшеуінде теориялық тұрғыда тіршілік болуы мүмкін. Өйткені  бұл  ғаламшарларда су бар, дейді мамандар. Ғылыми жаңалықты Бельгия астронавттары ашып отыр.

7 экзопланета TRAPPIST-1 жұлдызын бойлай орналасқан. Бір-бірінен алшақ емес. Зерттеу жоғары технологиялы Spitzer телескопы арқылы жасалыпты. Десе де астронавттар теориялық жаңалықты тексеру мүмкін болмай отырғанын айтады. Жұлдыз күн жүйесінен 40 жыл қашықтықта екен. Бірақ планеталардағы атмосфералық жүйені зерттеуге мүмкіншілік бар дейді. Ол үшін бас-аяғы 5 жыл ішінде қажетті технологияларды ойластырып табамыз, деп сендірді.

Томас Зурбучин, NASA қызметкері:

Біздің ашқан жаңалығымыз әркімнің көкейінде жүрген сұраққа жауап табуға септеседі. Күн жүйесінен асып, тіршілік көзін іздейміз. Ендігі мақсатымыз  - жоғарғы технологияларға негізделген ғарыш кемесін құрастыру.