Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қысқы Азиада -2017 ойындарында ел қоржыны тола түсті

AstanaTV
23.02.2017ж. 20:00
1859
Қысқы Азиада -2017 ойындарында ел қоржыны тола түсті

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азиада ойындарында ел қоржыны бүгін бірден бес медальмен толықты.

7,5 шақырымдағы спринтерлік жарыста алдына жан салмаған жерлесіміз Галина Вишневская алтыннан алқа тақса, дәл осы кезеңде қазақстандық Алина Райкова қоланы қанағат тұтты. Спорттың осы түрінен ерлер арасындағы 10 шақырым қашықтықта отандастарымыз Ян Савицкий жеңіс тұғырының бірінші сатысына жайғасса, Василий Подкорытов екінші болып келді. Ал Елена Коломина осымен 3-ші рет жүлдегерлер қатарында. Бұл жолы классикалық стильде 5 шақырымға жарысуда шаңғышымыз тағы бір күміс медаль еншілеген.

Осымен ел қоржынында әр деңгейлі 12 медаль бар. Алда әдеттегідей Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай елдері тұр.