Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

«Барыс» шабуылшысы ҚХЛ тарихындағы ең жылдам гол салды

AstanaTV
23.02.2017ж. 20:00
2291
«Барыс» шабуылшысы ҚХЛ тарихындағы ең жылдам гол салды

Гагарин кубогында плей-офф ойындарының бірінші матчын «Барыс» жеңіспен аяқтады. Астаналықтар сырт алаңда «Трактор» командасын ойсырата жеңді.

Қазақстандық жігіттер төреші ысқырығы естілгеннен-ақ басымдыққа ие болды. Константин Пушкарев құрлықтық хоккей лигасындағы плей-офф ойындарының ең жылдам голын соқты. Алаң иелері жауап қайтармақ болғанымен, барыстықтардан айласын асыра алмады. Найджел Доус екінші шайбаны қақпаға дәл соқса, араға үш минут салып Дастин Бойд қанжығасын майлады. Ойын екі де бес есебімен астаналықтардың пайдасына шешілді. Бұл біздің хокейшілердің қатарынан төртінші жеңісі. Келесі ойынды «Барыс» командасы Челябинскіде өткізетін болады.