$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Алтын орда" базарының сатушылары жаңа орынға ақша беріп, сан соғып қалды

05.07.2024ж. 20:00
414
"Алтын орда" базарының сатушылары жаңа орынға ақша беріп, сан соғып қалды

Алматыдағы "Алтын орда" базарының сатушылары шу шығарды. Олардың айтуынша, базардың бұрынғы директоры жаңа орын салып беремін деп 300-ге жуық адамнан қомақты көлемде ақша жинап, хабарсыз кеткен. Мән-жайды тілшіміз анықтап көрді. 

"Алтын Орда" -Алматыдағы ең үлкен базардың бірі. 10 мың орынға шақталған. Қосымша тағы салынады дегесін 300-ге жуық сатушы қаржыларын салыпты. Бірақ бұрынғы басшысы хат-хабарсыз кеткен.

Райхан АЙДАРБАЕВА, САТУШЫ:

10 ай бойы есептеңіз ай сайын миллион болғанда әрқайсысы 8-10 миллионнан ақша құйды. Әр салымшы 300 адам 1миллиард 600 миллион теңге ақшаны Альпиев Данияр жинап алып жоқ. Құрылыс тұрған жоқ. 23жылы октябрь емес 24 ші жыл шілде болды иә. Біз орнымызды күтудеміз.

Гүлайым МАҚАШЕВА,САТУШЫ:

Сол Альпиевтің компаниясына 60-70 пайыз қаражат құйылып кеткен. Өйткені кассир Маржан дейтін кісі ай сайын құйыңдар 1 милиион құйыңдар 2-3 милиион құйыңдар деп зарлап отыратын сөздің шыны керек бар ғой халықты қорқытып. Құймасаңдар бутиктарыңды аламыз да, басқа біреуге сатамыз дейтін.

Базар басшылығының заңгері де қолдарында барлық келісімдер бар екенін айтады. Істің заң жүзінде шешілгенін қалайтынын жеткізді.

Ізбасар ӨТЕУЛИН, БАЗАР БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗАҢГЕРІ:

Қазір жиналып жатқан салымшылардың бәрінің қолдарында чектері бар тиісті құжаттары бар. Ол жаңағы "Алтын орда ню" компанияға, алдында жұмыс атқарған компанияға ақша құйған. Бұл жерде 300 ге жуық салымшылар бар.Бұл интернет желілерінде көптеген жалған ақпарат таратылып жатқаннан кейін салымшылар көріп, назарға алып өздерінің азаматтық құқықтарын қорғау үшін жиналып жатыр.

Полиция бұған қатысты іс қозғады.

Меруерт МОРЯКОВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Алаяқтық фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Іс бойынша барлық мән-жайларды анықтау үшін жедел-тергеу іс-шараларының барлық кешені өткізілуде. Қазіргі уақытта қылмыстық процес қатысушылары қылмыстық іспен танысуда. Тергеу амалдары аяқталған соң, қылмыстық іс сотқа жолданады.

Полиция департаменті егер бұрынғы базар басшысының кінәсі дәлелденсе, заң алдында жауап беретінін айтты.