$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Ақтөбелік шаруалар несиелік серіктестікке жіпсіз байланып отыр

10.07.2024ж. 20:00
257
Ақтөбелік шаруалар несиелік серіктестікке жіпсіз байланып отыр

Ақтөбелік шаруалар несиелік серіктестікке жіпсіз байланып отыр. Алты жыл бұрын алған несиеміз басымызға бәле болды дейді. Бір тиынына дейін қалдырмай төлеп тастаса да, кепілге қойған мүліктерін әлі күнге дейін шығарып ала алмай жүрген көрінеді.

Бұл шаруалар 2018 жылы несиелік серіктестіктен мал санын көбейту үшін алты пайызбен несие алған. Кепілге біреу баспанасын, екіншісі көлігін қойыпты. Көбі кейін оны жауып тастаған. Бірақ енді серіктестік үшін кепілге қойған мүліктерін шығара алмай отыр.

Ерғали МИЖАНБАЕВ, КӘСІПКЕР:

Бірі барлығы үшін жауап береді. Сондай устав дейді. Басында ол жөнінде айтқан жоқ. Ескертілмеді. Жалпы біздің кінәміз жоқ қой. Біреу төлемегені үшін қанша шаруамыз тоқтап қалды.

Аян СЕЙТЕНОВ, КӘСІПКЕР:

Уставтан солидарное ответственность бір-біріне жауап береді дегенді алып тастасын. Өйткені өзім уақытынан бұрын төледім. Неге мен төлемеген адамға байланып, кепілге қойған документті алып, жұмыс жасамаймын ба? Олар ұстап тұр мені. Ондай заңды уставты өзгерту керек қой.

Негізі бұл несиелік ұйымнан 102 шаруа қожалығы мүшелікке өтіп, кредит алған. Оның жиырмадан астамы қарызын толық өтеген. Бірақ жылдап несиені төлемей жүргендер де бар көрінеді. Бүгінде Аграрлық несиелік корпорация алдында серіктестіктің берешегі қауғаланып қаллған көрінеді.

Орынбасар ЫСҚАҚОВ, НЕСИЕ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАСШЫСЫ:

Біздің АКК алдындағы берешақ екі есеге артық. Олар айтады. Сендерде просрочка бар. Погошение жасаған, жасамаған адамдардың залогтарына тимейміз. Польный погошение жасаңыз дейді.

Ал Аграрлық несиелік корпорацияның өз уәжі бар. Олар серіктестіктің қарызы толық өтелмей, біз кепілдерді бере алмаймыз дейді.

Азамат ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ, «АГРАРЛЫҚ НЕСИЕЛІК КОРПОРАЦИЯ» АҚ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

АКК өз тарапынан кепілді шығара алмайды. Негізгі мәселе бұл КТ «Алға» біздің алдымыздағы қарызын өтелмеуі. Кейбір клиенттер КТ алдында жапса, КТ «Алға» біздің алдымызда қарызын ол клиенттер үшін өтемеген. Біз енді кредитті КТ Алғаға бергеннен кейін қарызымызды алуымыз керек қой. Біздің мақсатымыз КТ Алғамен тығыз қарым қатынас жасап, бір шешімге келу.

Шаршаған шаруалар несиелік серіктестікті енді сотқа бермек.