$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында 59 мың заңбұзушылық анықталған

10.07.2024ж. 20:00
183
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында 59 мың заңбұзушылық  анықталған

Былтыр мемлекеттік қызмет көрсету саласында 45 мың заңбұзушылық болған. Оның жартысына жуығы әкімдіктерде тіркелген. Биыл құзырлылар 280 тексеру жүргізіп, 59 мың заң бұзушылық анықтады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов айтты. Қазір 1320 мемлекеттік қызмет түрі бар. Оның 42-сі проактивті түрде жұмыс істейді. Жауаптылар тағы 250 қызметті азаматтың өтінішін алдын ала рәсімдейтін жүйеге ауыстырмақ.

Салауат МҮКСІМОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Негізгі мақсат мемлекеттік қызмет атқару үдерістерін жетілдіру. 3 жыл уақыт аралығында мемлекет бойынша 850 млнға жуық мемлекеттік қызмет атқарылса, оның 5 млны бизнес өкілдеріне, азаматтарға 11 млн-нан астам түрлі құжаттар берілді. Осы процесстердің аясында басты назарда сапа және қызметтердің қолжетімдігі.