$508.5 €580.66 ₽6.44
×

"Барыс" хоккей клубы жаңа бапкерлер құрамын таныстырды

AstanaTV
10.07.2024ж. 22:30
467
"Барыс" хоккей клубы жаңа бапкерлер құрамын таныстырды

"Барыс" хоккей клубы команданы жаңа маусымда жаттықтыратын бапкерлер кеңесін таныстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Команданың бас бапкері – Дэвид Немировски.

Қазіргі таңда бапкерлер кеңесіне төмендегі мамандар енді:

Евгений Королев, Талғат Жайлауов, Макс Маркович және хоккейшілердің физикалық дайындығына жауап беретін Стив МакГичи.

Бұған дейін астаналық клуб сапына ресейлік ойыншы Дамир Жафяров қосылған болатын. Оның келісімшарты бір жылға жарамды.