$446.56 €512.34 ₽5.3
×

Каратэші Софья Берульцева Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды

20.09.2026ж. 14:39
Каратэші Софья Берульцева Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды
Фото Арлан Олжабай

Софья Берульцева Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасына төртінші алтын медальді сыйлады, деп хабарлайды  AstanaTV.

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі каратэден кумитэ бағдарламасы бойынша 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

Софья Берульцева үшін бұл – Азия ойындарындағы қатарынан екінші алтын медаль. Ол бұған дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындарында да 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде чемпион атанған.

Сондай-ақ Софья Берульцева – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері және Қазақстан ұлттық құрамасының жетекші каратэшілерінің бірі.

Бүгінде WKF каратэ еліміздің 20 өңірінде дамытылып келеді. Қазақстанда бұл спорт түрімен 77 мыңнан астам адам айналысады. Спортшыларды даярлау ісіне 600-ге жуық жаттықтырушы тартылған, оның ішінде 140 маман ауылдық жерлерде жұмыс істейді.

Софья Берульцеваның жеңісі ұлттық құраманы жүйелі даярлау мен елімізде каратэ спортын дамыту бағытындағы жұмыстың нәтижесін тағы бір мәрте көрсетті.