$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады?

AstanaTV
11.07.2024ж. 10:20
353
Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады?

Қазақстандықтардың 2024 жылдың тамыз айында қанша күн демалатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тамыз айында мемлекеттік мерекелерден 30 тамыз – Конституция күні тойланады. 2024 жылы 30 тамыз жұма күніне сәйкес келеді.

2024 жылы Конституция күніне арналған демалыс күндері:

- бес күндік жұмыс аптасы үшін 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек демалыс күндері;

- алты күндік жұмыс аптасы үшін 30 тамыз демалыс күні, 31 тамыз жұмыс күні, 1 қыркүйек демалыс күні; 

Қазақстандықтар 2024 жылы қанша күн демалады

Сонымен қатар бұл айда кәсіби және басқа да мерекелер бар. Олар:

- 4 тамыз (тамыз айының бірінші жексенбісі) – Көлік қызметкерлері күні

- 10 тамыз – Абай күні

- 11 тамыз (тамыз айының екінші жексенбісі) – Құрылысшылар күні

- 18 тамыз – Шекарашылар күні

- 25 тамыз (тамыз айының соңғы жексенбісі) – Шахтерлер күні

- 29 тамыз – Семей ядролық полигонының жабылатын күні