$480.55 €533.75 ₽5.36
×

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Батыс Қазақстан облысында жалғасты

12.07.2024ж. 20:00
406
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы  Батыс Қазақстан облысында жалғасты

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Батыс Қазақстан облысында жалғасты. Бұл бастамаға жастар ғана емес, еріктілер мен жергілікті тұрғындар да атсалысып жатыр. Сәуір айынан бері тазалық жұмыстарына 131 мыңнан астам адам мен мыңдаған мекеменің қызметкері қатысқан. Көптің күшімен 74 мың аула, 2500 көпқабатты үй, жүздеген саябақ тазартылған. Бұған қоса 50 мыңдай ағаш егіліпті. Тынымсыз еңбектің арқасында шаһардағы тарихи-мәдени ескерткіштер де тазарып, өңі кіріп қалды. Экологиялық айлық кезінде қаладан 50 мың тоннадай қоқыс шығарылды.

Рысбек ӨТЕГЕН, ЕРІКТІ:

Қазақ атам айтпақшы, бұлақ көрсең көзін аш деп, біздер мына қаламыздың жастарымен бірге, қаламыздың белсенділерімен бірге арнайы Басқақ тоғай деген орынға келіп жатырмыз. Мында су тасқыны кезінде тұрбалар қоқыстармен бітеліп қалыпты. Енді соның қоқысын тазартып, жұмыс жүргізіп жатырмыз. Енді қаламыздың тұрғындарына айтар ескертпеміз - арнайы демалыс орындарына келіп ішпесе, мусорларын төкпесе жақсы болатын еді.

Бүгін 1500-ге тарта қыз-жігіт қала аумағын тазартуға жұмылдырылды. Өйткені көктемгі су тасқыны кезінде қаланы айналдыра бөгет салынған еді. Құм салынған осы қапшықтар Басқақ тоғай маңындағы шағын өзен ағысына кедергі болып, бұлақтың көзін бітеп тастаған. Жігерлі жастар бұл аймақты да мұнтаздай қылды.

Дулат ЖҮСІПҚАЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БАСШЫСЫ:

Жастарымыз экологиялық эстафета форматында тазарту жұмыстарын жүргізеді. Бүгін "Өнегелі ұрпаққа" көбінесе біз оқушыларды қатыстырдық. Кеше "Киелі мекенге" жастарды апардық. "Туған өлке" бойынша спортшылар да келді, мәдениет қызметкерлері де келді және де қала тұрғындары да қатысты. Осы саябақта болатын "Жасыл аймаққа" көбінесе мәдениет қызметкерлері тартылған болатын. Күз мезгіліне дейін жұмыстарды жүргізе беретін боламыз.