$480.55 €533.75 ₽5.36
×

50 жастағы қазақстандық әйел Үндістандағы жеке клиникалардың бірінде зорланған – БАҚ

AstanaTV
17.07.2024ж. 14:26
246
50 жастағы қазақстандық әйел Үндістандағы жеке клиникалардың бірінде зорланған – БАҚ

25 жастағы үндістандық мейіргер ем алып жатқан 50 жастағы қазақстандық әйелді зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Тhe times of India” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

12 шілде күні 50 жастағы қазақстандық қызымен бірге Үндістанға емделуге барған. Ол жексенбі күні Гургаон қаласындағы Артемис ауруханасында тізе артроскопиясынан өтіп, оңалту бөліміне ауыстырылды.

Басылымның мәліметінше, 25 жастағы мейіргер Такур Сингх науқастың жөргегін ауыстырып жатқанда оның денесіне қол жүгірткен. Мұны қандай да бір қате болар деп ойлаған науқас мейіргердің жыныстық сипаттағы әрекетін бірнеше мәрте байқаған. Сөйтіп бұл туралы қызына айтуға мәжбүр болған. Қазақстандық әйелдің қызы бұл жағдайды аурухана басшылығына жеткізіп, полиция шақырды.

“Науқастың қызының арызы негізінде қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Аурухана науқастардың қауіпсіздігіне баса назар қоямыз деп мәлімдеді. Сондай-ақ медицина мекемесіндегілер тергеудің әділ өтуіне ат салысатынын жеткізді”, – деп жазды басылым.

Тергеу аяқталғанша мейіргер жұмыстан шеттетілді.